Бородулиха ауданының Жезкент кентінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға Бородулиха ауданының барлық ауылдық округтерінің өкілдері, жастар, сондай-ақ аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында жағалау аумағы тазартылып, 100-ден астам қап қоқыс жиналды.

Сонымен қатар, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар жиналды. Аталған жұмыстардың нәтижесінде кенттің санитарлық жағдайы жақсарып, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға үлес қосылды.

Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және демалғаннан кейін қоқысты өздерімен бірге алып кетуге шақырамыз. Тазалық – әрқайсымыздан басталады!