Новая конституция вступает в силу с 1 июля

Конституционная реформа 2026

Фильтр по дате

Показывает записи только за выбранный день.

Испанский политолог о создании Курултая: Казахстан вступает в новый политический цикл

Выборы депутатов Курултая, назначенные на 23 августа, переведут конституционные преобразования в практическую плоскость. По мнению испанского политолога Антонио Алонсо Маркоса, однопалатная структура Парламента и пропорциональная избирательная система способны сделать политические процессы более понятными, повысить роль партий и укрепить институциональные основы Казахстана. Антонио Алонсо Маркос, профессор политологии Университета CEU San Pablo в Мадриде, специализируется на изучении Центральной Азии и международных отношений. Рассматривая предстоящие выборы в контексте последовательных преобразований, эксперт отметил, что Казахстан подошел к этапу, когда заложенные правовые основы получают практическое воплощение. — Казахстан вступает в новый политический цикл, в рамках которого конституционные преобразования переходят от нормативного этапа к практической реализации, — отметил Антонио Алонсо Маркос. Одним из ключевых событий этого цикла станет формирование Курултая. Избранные депутаты получат мандат граждан и приступят к реализации новых конституционных положений через принятие законов, парламентские обсуждения и участие в определении основных направлений государственной политики. Особое значение эксперт придает сочетанию однопалатной структуры Курултая с пропорциональной избирательной системой. Такая модель упрощает организацию законодательной власти и одновременно повышает ответственность политических партий за содержание своих программ, качество кандидатов и выполнение обязательств перед избирателями. — Создание однопалатного Курултая и применение пропорциональной избирательной модели способны сделать политическую систему более понятной и усилить роль политических партий, — подчеркнул профессор. Сосредоточение законодательных полномочий в едином представительном органе создает условия для более последовательного рассмотрения инициатив и исключает дублирование парламентских процедур. Пропорциональная система, в свою очередь, позволяет полнее отразить политические предпочтения граждан в составе Курултая и переносит центр конкуренции на партийные программы и конкретные предложения по развитию страны. При этом Антонио Алонсо Маркос рассматривает реформу значительно шире изменения структуры Парламента. По его оценке, результативность новой модели будет выражаться в усилении контрольных полномочий Курултая, открытости законотворческой работы и последовательном соблюдении конституционных принципов. — Новая политическая система Казахстана должна укрепить парламентский контроль, открытость законодательного процесса и верховенство права. Для международного сообщества важны не только закрепленные в Конституции положения, но и их последовательное применение на практике. В целом происходящие изменения можно рассматривать как возможность для дальнейшей институциональной модернизации Казахстана, — заявил эксперт. Антонио Алонсо Маркос убежден, что эффективная работа Курултая позволит наполнить конституционные нормы реальным содержанием. Качество принимаемых законов, содержательность парламентских дискуссий, открытость процедур и действенность контроля станут важными показателями практической реализации преобразований, говорит он. — Последовательность этого процесса также будет способствовать укреплению доверия граждан и международных партнеров к государственным институтам Казахстана. В этом контексте выборы 23 августа приобретают особое значение: они откроют новый этап парламентской работы и сформируют представительный орган, которому предстоит воплотить обновленные конституционные принципы в конкретных решениях. Однопалатный Курултай, опирающийся на партийное представительство и четко определенные полномочия, создаст прочную основу для дальнейшего совершенствования законодательного процесса и институционального развития страны, — заключил профессор политологии Университета CEU San Pablo. Источник: inform.kz  

Редактор

14.08.2026

Изображение записи

Мемлекеттік қызметке түсуге арналған тестілеу жаңа талаптарға сәйкестендірілді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Осыған байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарына қызметке кіруге үміткерлерге арналған тестілеу сұрақтары өзектендірілді. Тест сұрақтары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жаңартылды. Тестілеу мазмұнынан күші жойылған нормативтік құқықтық актілерге негізделген сұрақтар алынып тасталып, олардың орнына жаңа Конституция мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның нормаларын қамтитын сұрақтар енгізілді. Енгізілген өзгерістер кандидаттардың білімін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес объективті бағалауға және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға қажетті білімі бар білікті мамандарды іріктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кандидаттарға жаңартылған заңнаманы алдын ала зерделеп, тестілеуге енгізілген өзгерістерді ескере отырып дайындалу ұсынылады. Қосымша ақпаратты 8 (7222) 35-41-72 немесе 8 (7222) 35-41-62 телефондары арқылы алуға болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Фото ЖИ Gemini

Динмухамед Бейсембаев

27.07.2026

Изображение записи

Кандидатов на госслужбу будут тестировать по новым вопросам

С 1 июля 2026 года в Республике Казахстан вступили в силу новая Конституция Республики Казахстан и Закон Республики Казахстан «О государственной службе Республики Казахстан». В связи с изменением законодательства актуализированы вопросы тестирования для кандидатов, претендующих на занятие вакантной административной государственной должности, а также на поступление на службу в правоохранительные органы и органы гражданской защиты. Обновление тестовых вопросов направлено на приведение содержания тестирования в соответствие с действующим законодательством. Из перечня исключены вопросы, основанные на утративших силу нормативных правовых актах и включены вопросы, отражающие положения новой Конституции, и Закона «О государственной службе Республики Казахстан». Изменения позволят обеспечить объективную оценку знаний кандидатов в соответствии с актуальными требованиями законодательства и способствовать отбору квалифицированных специалистов, обладающих необходимыми знаниями для эффективного исполнения служебных обязанностей. Кандидатам рекомендуется заблаговременно изучить обновленное законодательство и подготовиться к тестированию с учетом внесенных изменений. Дополнительную информацию можно получить по телефонам: 8 (7222) 35-41-72 или 8 (7222) 35-41-62. Департамент Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по области Абай Фото ИИ Gemini

Динмухамед Бейсембаев

27.07.2026

Изображение записи

23 шілдеден бастап сайлауалды үгітке ресми түрде рұқсат етіледі

Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы 22 тамыз 00 сағат 00 минутқа дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады. Сайлау алдындағы үгіт жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27 және 28-баптарымен реттелген. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты, саяси партияны қолдап немесе оған қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді. Үгіт БАҚ және онлайн-платформалар арқылы, сайлауалдындағы жарияіс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын тарату жолымен жүзеге асырылады. Телерадио хабарларын тарату субъектілері жаңалықтар мен талдау бағдарламаларда үгіт материалдарын таратуға құқылы емес. Осы талапты бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 50 АЕК). Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ. Бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 122-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 20 АЕК). БАҚ кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын, олардың сайлау алдындағы іс-шараларының мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді бұрмаламай, объективті түрде жариялауға міндетті. Сонымен қатар, БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттың немесе саяси партияның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрнеу нұқсан келтіретіні анық үгіт материалдарын және өзге де ақпаратты жариялаудан тартынуға міндетті. Осы талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ көрсетілген адамдарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау мақсатында теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруден бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген (айыппұл 20-дан 50 АЕК-ке дейін). Партиялық тізімдерді ұсынған кандидаттар мен саяси партияларға сайлау алдындағы үгiт жүргізу үшін БАҚ тең қол жеткізу жағдайлары қамтамасыз етіледі. БАҚ бір саяси партияның үгіт материалдарын шарттық негізде орналастыруына келісім беруі партиялық тізімдерді ұсынған басқа саяси партиялардың да үгіт материалдарын орналастыруына келісім берген болып есептеледі. Егер БАҚ осы талапты бұзса, онда бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 4 және 6-бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 20-дан 50 АЕК-ке дейін). Шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсететін БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылардың назарына аударамыз, олар үгіт басталғанға дейін кемінде 5 күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына орналастыру құны мен шарттары туралы мәліметтерді ұсынуы қажет. Үгіт материалдарын Орталық сайлау комиссиясы көрсетілген мәліметтерді жариялағаннан кейін ғана орналастыруға болады. Көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген (айыппұл 30-дан 50 АЕК-ке дейін). Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар береді. Олар бірыңғай және тең жағдайларда ұсынылуға тиіс. Осы талаптарды бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 123-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 30 АЕК). Үгіт материалдарына қатысты олардың құрамында осы материалдарды шығарған ұйым туралы (баспа материалдары бойынша – басылған орны мен таралымы туралы), тапсырыс берген адамдар және қандай қаражат есебінен төленгені туралы мәліметтер болуы тиіс екенін ескеру қажет. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде үгіт материалдарын дайындауға, жасырын (анонимді) үгітматериалдарын таратуға, сондай-ақ ағымдағы сайлау науқаны үшін дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға тыйым салынады. Онлайн-платформаларға қатысты бұл талаптар онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгітматериалдарын шарттық негізде дайындаған жағдайда қолданылады. Осы талаптарды бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 113-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 25 АЕК). Меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің келісімімен ғимараттарда, құрылыстарда және өзге де объектілерде орналастырылған үгіт материалдарын қасақана жою немесе бүлдіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 114-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 15 АЕК). Баяндалғанды ескере отырып, Бас прокуратура заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сайлау процесіне қатысушылардың барлығын сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде сайлау туралы заңнаманы қатаң сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тағы да шақырады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Е. Өтегенов

Динмухамед Бейсембаев

23.07.2026

Изображение записи

Конституция – қағаздағы заң ғана емес, өмір сүру мәдениеті

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты.  Конституция – бұл тек заңгерлерге арналған құқықтық құжат емес. Ол – әрбір азаматтың күнделікті өміріне әсер ететін негізгі құндылықтар жиынтығы. Отбасындағы сыйластықтан бастап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дейінгі барлық қатынастардың түп негізінде Конституция қағидаттары жатыр. Конституцияның 1-бабында еліміздің ең басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені айқын жазылған. Бұл қағида мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. Заңды құрметтеу, өз міндетін адал атқару, бір-біріне құрметпен қарау – Конституция талаптарының өмірдегі көрінісі. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде айқындалды. Президент атап өткендей, «Заң мен тәртіп – құқықтық мемлекеттің берік негізі». Бұл қағидат еліміздің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде де бекітілді. Заң үстемдігі тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Ол әр азаматтың күнделікті әрекетінен басталады. Жол қозғалысы ережесін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп, салықты уақытында төлеу, табиғатты қорғау, өзгенің еңбегін құрметтеу – мұның бәрі құқықтық мәдениеттің көрсеткіші. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер үшін Конституция талаптарын сақтау – кәсіби міндет қана емес, азаматтық жауапкершілік. Халық мемлекет туралы ең алдымен мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетіне қарап пікір қалыптастырады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің сапасы халықтың мемлекетке деген сенімімен тікелей байланысты. Президент ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы да осы құндылықтарды толықтыра түседі. «Адал азамат» – заңды құрметтейтін, еліне жанашыр, еңбекқор, білімге ұмтылатын және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін тұлға. Мұндай азаматтар көбейген сайын қоғам да нығая түседі. Бүгінде бұл қағидаттарды жүзеге асыруда жастардың рөлі ерекше. Құқықтық сауаттылық мектептен, колледжден, жоғары оқу орындарынан басталады. Заңды білу ғана жеткіліксіз, оны құрметтеу мәдениетін қалыптастыру маңызды. Өйткені заңға құрмет – мемлекетке құрмет. Соңғы жылдары кеңінен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы да осы ортақ құндылықтарға негізделген. Бұл – тек сенбілік өткізу немесе ағаш отырғызу емес. Бұл – қоғамдық кеңістікті таза ұстау, туған жерге жанашырлық таныту, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарау, вандализмге жол бермеу және ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Мемлекеттің ішкі саясатындағы негізгі қағидаттардың бірі ретінде «Таза Қазақстан» азаматтардың жауапкершілігін арттырып, қоғамда жаңа этиканы орнықтыруға бағытталған. Облысымызда да бұл бастамалар нақты істер арқылы көрініс табуда. Аула мен көшені таза ұстау, қоғамдық орындарды күтіп-баптау, табиғатты қорғау, жастардың экологиялық акцияларға қатысуы – мұның бәрі туған жерге деген жанашырлықтың белгісі. Осындай қарапайым істердің өзі қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін нығайтады. Конституция бізге құқықтармен бірге міндеттер де жүктейді. Конституцияның 34-бабына сәйкес әрбір азамат Конституция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Бұл талап қоғамдағы өзара сенім мен келісімнің басты кепілі болып табылады. Әділетті Қазақстанды заңдардың өзі емес, сол заңдарды құрметтейтін адамдар қалыптастырады. Сондықтан әрқайсымыз «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын күнделікті өмір салтымызға айналдырсақ, Конституцияның құндылықтары шынайы өмірде жүзеге асады. Өйткені мықты мемлекет – ең алдымен заңға құрметпен қарайтын, адал еңбек ететін және туған жеріне жанашыр азаматтардан құралады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Динмухамед Бейсембаев

23.07.2026

Изображение записи

Лента новостей

В области Абай появятся 12 новых АЗС

Динмухамед Бейсембаев

19.08.2026

Читать больше
LogoСкачивайте мобильное приложение