Технологии
Фильтр по дате
Показывает записи только за выбранный день.
Қазақстанның атом саласын дамыту - энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс
Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету және білікті мамандар даярлау - саланың негізгі басымдықтары. Бұл бағыттардың барлығы өзара сабақтасып, Қазақстанда заманауи ядролық кластерді қалыптастыруға негіз болады. Атом саласының дамуы - қауіпсіздік, ғылым, өндіріс, энергетика және адами капиталдың үйлесімді дамуы.
Динмухамед Бейсембаев
19.08.2026
Құрылтай сайлауы туралы барлық ақпарат бір сайтта: Абай Сейфулла «Құрылтай LIVE» платформасын іске қосты
Белгілі журналист Абай Сейфулла пікірлес командасымен бірге жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының алдағы сайлауына арналған бірыңғай ақпараттық ресурсты іске қосты. Қазақстанда Құрылтай сайлауы туралы ақпараттық ресурс іске қосылды. Бұл туралы белгілі журналист Абай Сейфулла әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Құрылтай сайлауы қарсаңында журналист әрі ақпарат саласының өкілі ретінде мен де ортақ іске өз үлесімді қосып, азаматтарға қажетті ақпаратты барынша түсінікті әрі қолжетімді түрде ұсынғым келді. Бір топ пікірлес азаматпен бірге сайлауға қатысты барлық маңызды ақпарат жинақталған «Құрылтай LIVE» платформасын іске қостық. Осы жоба арқылы Құрылтай сайлауын еліміздің әрбір азаматына жақын әрі түсінікті еткіміз келеді. «Құрылтай LIVE» платформасының басты ерекшелігі – онда Құрылтай сайлауына қатысты барлық ақпарат жинақталған. Соңғы жаңалықтар, сарапшылардың пікірлері мен теледебат материалдарынан бастап, дауыс беру тәртібі мен сайлау учаскесін іздеуге дейінгі мәліметтерді осы жерден табуға болады. Абай Сейфулла – сайлау науқанын жариялап, Құрылтай депутаттығына кандидаттар мен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен подкасттар өткізетін Abay Live YouTube-арнасының авторы. Сондай-ақ ол елдегі өзекті қоғамдық-саяси оқиғаларға арналған авторлық бағдарламалар әзірлеп, саясаткерлермен және қоғам қайраткерлерімен сұхбат жүргізеді. Абай Сейфулла түрлі алаңдарда сарапшы ретінде сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселелерді талдайды және болып жатқан оқиғаларға сараптамалық баға береді. Жеке сайттың ашылуы осы жұмыстың жалғасы болды. Платформада сайлау науқанының барысы туралы жаңалықтар, сараптамалық пікірлер, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері, сұхбаттар, подкасттар және басқа ақпараттық алаңдарда жарияланған материалдар орналастырылады. Қолданушылар дебаттарда қандай мәселелер талқыланатынын, саяси партиялар мен кандидаттардың не ұсынатынын біле алады, сондай-ақ қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелерімен таныса алады. Сайттағы ақпарат күн сайын жаңартылып отырады. «Сайлау туралы» жеке бөлімінде сайлау процесі жөніндегі негізгі мәліметтер жинақталған. Онда саяси партияларды тіркеу, кандидаттардың саны мен құрамы, сайлау науқанының кезеңдері және сайлауды бақылау туралы ақпарат бар. Сайтта жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар да ұсынылған. Азаматтар дауыс беру үшін қандай құжаттар қажет екенін, шетелде қалай дауыс беруге болатынын, қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгіну керектігін және өз сайлау учаскесін қалай табуға болатынын біле алады. Осылайша, «Құрылтай LIVE» Құрылтайға алдағы сайлау туралы жаңалықтарды, сараптамалық және практикалық ақпаратты бір алаңға біріктіреді. Абай Сейфулла қазақстандықтарды жаңа ресурспен танысып, команданың жұмысына баға беруге және өз ұсыныстарымен бөлісуге шақырды. Жобаның сайты: https://qurultai.live/ru
Динмухамед Бейсембаев
18.08.2026
От микроскопа до переработки отходов: австралийская делегация оценила разработки ученых Семея
В рамках визита представители Университета Мёрдок из Австралии ознакомились с научно-исследовательской инфраструктурой Shakarim University, посетили лаборатории, инженерный центр, Агротехнопарк и научно-практический центр «Валоризация продукции агропромышленного комплекса». Особое внимание стороны уделили перспективным исследованиям в области химии, экологии, переработки отходов и агротехнологий. Как рассказал ассоциированный профессор Исследовательской школы физических и химических наук Shakarim University Алексей Кливенко, университет располагает современным оборудованием для проведения комплексных исследований. Ученые могут определять элементный состав различных объектов – воды, почвы, растений и продуктов питания, в том числе на содержание тяжелых металлов. Вообще у нас есть возможности для определения элементного состава. Мы анализируем содержание тяжелых металлов, например, в воде, в почве, в растениях, в продуктах питания. Есть микроскоп с увеличением 300 тысяч, его максимальное разрешение 50 нанометров. Также в наличии есть ВЖХ - высокоэффективный жидкостный хроматограф. Это прибор, который позволяет идентифицировать разные вещества, содержащиеся в разных объектах, скажем, витамины, антибиотики, аминокислоты. То есть прибор позволяет полностью изучить состав того или иного продукта. Если микроскоп может определить до 72 элементов из периодической системы, то ВЖХ позволяет определить соединения. То есть, например, конкретизировать: здесь содержится витамин С, здесь - витамин D, либо какую-то кислоту, какой-то метаболит, - пояснил Алексей Кливенко. Также специалист рассказал, что ученые также заняты изучением вопроса переработки отходов Шымкентского свинцового завода. Завод простаивает с 2018 года, но за десятилетия работы накопилось огромное количество отходов. Алексей Кливенко добавил, что десятки тонн этих отходов ещё могут быть полезны. Технология, по которой завод функционировал ещё в советское время, была несовершенна, поэтому отходы производства содержат в себе множество металлов. Это не только свинец, но и цинк, медь, серебро и даже золото. Руды всегда содержат в себе множество соединений. На производстве извлекли из руды всё, что могли извлечь на тот момент, остальное считалось отходами. Но теперь это, по сути, считается даже сырьем. Наши сотрудники разрабатывают технологию по извлечению всех остаточных элементов, - рассказал специалист. Австралийская делегация с особым вниманием изучила также агропромышленные проекты. Один из них – получение удобрений из остаточных пород, богатых азотом. У проекта уже есть первые результаты, а разработанное удобрение уже доказало свою первичную эффективность. Заместитель проректора Университета Мёрдок по глобальным связям Саймон Джон МакКёрди подчеркнул, что важно не только углубленно изучать агропромышленные технологии, но и с успехом применять их на практике. Предложенная схема производства удобрений имеет потенциал. Это рациональный и интересный научный подход. Я желаю вам удачи в дальнейших исследованиях. Учитывая возможность практического применения, я думаю, что разработка ещё будет усовершенствована, - отметил профессор МакКёрди. Осмотрев лаборатории и инженерный центр, где ученые модифицируют поверхности металлов, чтобы сделать их еще более прочными и продлить срок службы сделанных из них инструментов, делегация осмотрела Агротехнопарк, а также научно-практический центр «Валоризация продукции агропромышленного комплекса». Сотрудничество двух университетов продолжится и в дальнейшем: австралийская делегация встретится с главой области Бериком Уали и обсудит возможность открытия филиала Университета Мёрдок в нашем регионе.
Динмухамед Бейсембаев
18.08.2026
Казпочта расширит сеть и цифровые сервисы в области Абай
Аким области Абай Берик Уали встретился с председателем правления АО «Казпочта» Бекежаном Жакеевым. Стороны обсудили, как сделать почтовые и финансовые услуги доступнее для жителей региона, особенно в селах. Сегодня «Казпочта» обслуживает более 590 тысяч жителей области Абай. Ее сеть насчитывает 92 объекта и охватывает 327 сельских населенных пунктов, сообщили в пресс-службе акимата региона. На встрече обсудили модернизацию отделений в сельской местности и Семее, расширение финансовых услуг и внедрение цифровых сервисов. Также представители «Казпочты» рассказали о цифровой платформе для субсидирования общественного транспорта. Ее разработали совместно с компанией Innoforce на базе системы Avtobys. Компания также готова развивать в области электронную коммерцию, повышать доступность финансовых услуг и внедрять современные сервисы для жителей и бизнеса. Берик Уали отметил, что почтовые отделения особенно важны для сельских жителей, поскольку через них можно получить широкий спектр социальных и финансовых услуг. Сеть Казпочты в области достаточно обширная. Особенно в сельской местности почтовые отделения являются важным местом, где жители могут получить широкий спектр услуг. Поэтому мы поддерживаем инициативы, направленные на повышение качества обслуживания населения, модернизацию инфраструктуры и развитие цифровых сервисов. Давайте рассмотрим озвученные предложения. Мы готовы к совместной работе, – сказал Берик Уали.
Динмухамед Бейсембаев
14.08.2026
Атом реакторларының қауіпсіздігі қалай тексеріледі? Ұлттық ядролық орталық өкілімен сұхбат
Бүгінде атом энергетикасының қауіпсіздігін жоғары дәлдікті компьютерлік модельдеусіз қамтамасыз ету мүмкін емес. Заманауи есептеу технологиялары эксперименттер жүргізгенге дейін реактор қондырғыларының жұмысын болжауға, сондай-ақ олардың қалыпты жағдайындағы және ықтимал штаттан тыс жағдайлардағы жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында қандай әдістер қолданылатыны және олардың реакторлардың қауіпсіздігін негіздеудегі маңызы туралы ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Артур Сураев әңгімелейді. - Неліктен бүгінгі таңда компьютерлік модельдеу реактор қондырғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып саналады? - Заманауи компьютерлік модельдеу реактор ішінде жүретін процестерді көптеген қымбат әрі күрделі эксперименттер жүргізбей-ақ зерттеуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен реактор қондырғысының қалыпты пайдалану жағдайындағы, сондай-ақ жобалық және жобадан тыс авариялар кезіндегі жұмысын алдын ала бағалауға болады. Компьютерлік модельдер өзара байланысты физикалық процесті талдауға, ықтимал өзгерісті болжауға және жобалау мен ғылыми зерттеу кезеңінің өзінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған техникалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. - Мұндай зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында қандай бағдарламалық кешендер қолданылады? - Реакторлық эксперименттерді есептік сүйемелдеу үшін ҚР ҰЯО РМК мамандары заманауи лицензиялық бағдарламалық өнімдерді – MCNP6.3 және ANSYS Academic Research бағдарламалық кешендерін пайдаланады. Бұл бағдарламалық кешендер бірін-бірі толықтырады. MCNP нейтрондық-физикалық процестерді модельдеуге арналған болса, ANSYS реактор қондырғысы конструкцияларының жылу гидравликалық және беріктік сипаттамаларын есептеуге мүмкіндік береді. Бірлесіп олар кешенді талдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастырады. - MCNP6.3 бағдарламасы қандай міндеттерді шешеді? - MCNP6.3 бағдарламасы Монте-Карло әдісіне және ядролық деректердің үздіксіз кітапханасын пайдалануға негізделген. Ол күрделі үш өлшемді геометрияда нейтрондар мен гамма-кванттардың тасымалдануын жоғары дәлдікпен модельдеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама көмегімен мамандар нейтрондардың көбею коэффициентін, нейтрон ағынының кеңістіктік таралуын, радиациялық қызуды және ядролық отындағы жергілікті энергия бөлінуін анықтайды. Дәл осы есептеулер реактордың жұмысына кейінгі талдау жүргізудің негізін құрайды. - ANSYS бағдарламалық кешені қандай міндеттерді орындайды? - ANSYS бағдарламалық кешені макрофизикалық процестерді модельдеу үшін қолданылады. Ол жылу тасығыштың қозғалысын есептеуге, бір фазалы және көп фазалы ағындарды талдауға, температураның таралуын анықтауға, әртүрлі пайдалану режимдерінде жылу бөлетін элементтер мен жылу бөлетін құрамалардың термиялық кернеуі мен механикалық беріктігін бағалауға мүмкіндік береді. Іс жүзінде бұл бағдарлама реактор конструкциясының жылу және механикалық жүктемелердің әсерінен қалай әрекет ететінін көрсетеді. - Бұл бағдарламалық кешендерді бірлесіп қолданудың маңызы неде? - Осы бағдарламалардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде ең жоғары дәлдікті алуға болады. Алдымен MCNP реактордың актив аймағындағы энергия бөлінуінің таралуын есептейді. Кейін бұл деректер ANSYS бағдарламасына беріліп, онда температуралық өрістер есептеледі. Бұдан соң жаңартылған ақпарат температуралық кері байланыстарды ескере отырып келесі есептеуді жүргізу үшін қайтадан MCNP бағдарламасына жіберіледі. Мұндай деректер алмасуы реактордың актив аймағының жоғары дәлдікті цифрлық телқосағын жасауға және ядролық отынның қалыпты пайдалану жағдайындағы да, авариялық режимдердегі де жұмысын барынша сенімді болжауға мүмкіндік береді. - Компьютерлік есептеулерге толықтай сенуге бола ма? - Жоқ. Кез келген есептік әдістеме міндетті түрде эксперименттік деректерге сәйкестігі тұрғысынан тексерілуі тиіс. Бұл процесс верификация деп аталады және компьютерлік модельдеуді қолданудың міндетті кезеңі болып саналады. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында мұндай жұмыстардың эксперименттік базасы ретінде ИВГ.1М және ИГР зерттеу реакторлары, сондай-ақ арнайы реактордан тыс эксперименттік кешендер пайдаланылады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер математикалық модельдерді нақтылауға мүмкіндік береді, соның арқасында компьютерлік есептеулердің дәлдігі мен сенімділігі артады. - Әзірленген әдістемелер кейін қай салаларда қолданылады? - Есептік әдістемелер верификациядан сәтті өткеннен кейін ВВЭР және PWR типтегі реакторларды қоса алғанда, энергетикалық реакторлардың жылу бөлетін элементтері мен жылу бөлетін құрамаларының жұмысын талдау үшін қолданылуы мүмкін. Олар авариялық режимдер кезінде твэл қабықшаларының тұтастығын сақтау шектерін бағалауға, отынның деградациясы мен балқу процестерін модельдеуге, оның конструкциялық материалдармен өзара әрекеттесуін зерттеуге, сондай-ақ авариялық әсерлерге төзімділігі жоғары жаңа буындағы ядролық отын түрлерінің сипаттамаларын болжауға мүмкіндік береді. - Бұл жұмыстың атом энергетикасын дамытудағы маңызы қандай? - Заманауи компьютерлік модельдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бірегей эксперименттік базасымен ұштаса отырып, реактор қондырғыларының қауіпсіздігін ғылыми негіздеуге арналған бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастырады. Мұндай тәсіл есептеулердің сенімділігін едәуір арттыруға, пайдалану кезінде туындайтын қауіпті төмендетуге және реакторлық технологияларды әзірлеу мен жетілдіруді ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде цифрлық модельдеуді эксперименттік тексерумен ұштастыру атом энергетикасын қауіпсіз дамытудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Дереккөз: Dalanews
Динмухамед Бейсембаев
14.08.2026
Лента новостей
Сайлау күні басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады
Динмухамед Бейсембаев
20.08.2026
Выборы в Курултай являются ключевым этапом политических реформ Казахстана - грузинский эксперт
Динмухамед Бейсембаев
20.08.2026
После службы – в вуз: какие гранты выбирают казахстанцы после армии
Динмухамед Бейсембаев
20.08.2026
В Семее на две ночи ограничат движение на железнодорожном переезде
Динмухамед Бейсембаев
20.08.2026
Чудо рождения: в области Абай становится все более популярной процедура ЭКО
Динмухамед Бейсембаев
20.08.2026
Чудо спасения - в Семее тренер по дзюдо вытащил тонущего мальчика
Маргарита Бутина
19.08.2026
"Әділет" партиясы тұрғын үй қорын басқару мәселелерін талқылады
Динмухамед Бейсембаев
19.08.2026
В области Абай продолжают бороться со степными пожарами
Маргарита Бутина
19.08.2026
В области Абай появятся 12 новых АЗС
Динмухамед Бейсембаев
19.08.2026
Резидентура-2026: гранты в Казахстане распределяют в соответствии с дефицитом специалистов
Маргарита Бутина
19.08.2026







